Ашық есік  күні

Ашық есік  күні

2025 жылғы 19 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ ШҚО бойынша филиалымен өткізілген "Ашық есік күні" акциясына қатысты.

"Ашық есік күні" барысында Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі бойынша жәрдемақы тағайындау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат баяндалды.

Соңында қатысушыларға әлеуметтік заңнама туралы және жәрдемақы тағайындау және мөлшерін есептеу мәселелері бойынша жауаптар берілді.