
Қазақстан Республикасы жұмыс берушілерінің Ұлттық конфедерациясы «PARYZ» 2025 жылғы 4 желтоқсанда «Медико-әлеуметтік сараптама және кәсіби еңбек қабілеттіліктен айырылу мәселелері» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар жұмысына департамент басшысының м.а. Литке Н.В. қатысып, белгіленген тақырып бойынша баяндама жасады.
Қойылған барлық сұрақтар жан-жақты қарастырылып, толық әрі нақты жауаптар берілді.
МСЭ жүйесін дамыту және сараптамалық шешімдердің сапасын арттыру – азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әділетті, жауапты және мықты қоғам қалыптастыру жолындағы маңызды міндеттердің бірі.