Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушы көпбалалы отбасылар туралы

Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушы көпбалалы отбасылар туралы

2020 жылғы 01 қаңтардан бастап көпбалалы отбасыларды қолдау мақсатында

бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы қарастырылған.

         Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушы көпбалалы отбасылар          2020 жылғы 1 қаңтардан бастап автоматты түрде жәрдемақының жаңа түріне ауыстырылған.

         2020 жылғы қыркүйек айына аталған жәрдемақыны Шығыс Қазақстан облысы бойынша  12016 отбасы алуда.

         Бұл жәрдемақы «Азаматтарға арналған үкімет»  мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамына өтінішпен жүгінген күннен бастап тағайындалады.

         Көпбалалы отбасыларға жәрдемақыны тағайындау үшін тірі туған, асырап алынған, қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алынған балалар, егер олар басқа отбасының құрамына есепке алынбаған болса, отбасы құрамына есепке алынады.

          Ата-аналары  балаларына қатысты  ата-ана құқығына айырылған немесе құқығы шектелген болса, бұл бала отбасы құрамына есепке алынбайды.

         Көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақыны тағайындау кезінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалар бірге тұру фактісіне қарамастан отбасының құрамында есепке алынады. Қызметті алушымен

білім беру ұйымынан он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейін күндізгі оқу нысаны бойынша білім алып жатқан болса, балаға анықтама ұсынылады, анықтама жыл сайын ұсынылып отырылуы қажет.

      Жәрдемақы отбасыны қандай да бір табысына қарамастан тағайындалады. 01.01.2020 жылдан бастап жәрдемақы мөлшері келесіні құрайды:

     4 балаға – 44532 теңге (16,03 АЕК);

5 балаға – 55672 теңге (20,04 АЕК);

6 балаға – 66811 теңге (24,05 АЕК);

7 балаға – 77951 теңге (28,06 АЕК).

8 және одан да көп балаға – әр балаға 4 АЕК.

Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 01.04.2020 жылдан бастап – 2778 теңге.

Өтініш берушінің жәрдемақы тағайындау үшін қажетті құжаттар ұсынбаған болса немесе  жәрдемақыны заңсыз тағайындалуына әкеп соққан анық емес мәліметтер ұсынған жағдайда көпбалалы отбасыға жәрдемақы тағайындалмайды.

Көп балалы отбасыға жәрдемақы ай сайын төленеді және төлемді тоқтатуға  негіз болған жағдайларда төлем тоқтатылады.