
Шығыс Қазақстан облысында әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты шара өтті
Ағымдағы жылдың 30 қазанында Өскемен қаласында Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Салтанатты іс шарада облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев өңір басшысының атынан әлеуметтік сала қызметкерлерін құттықтады.
Сонымен қатар Ербол Нұрғалиев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұйымдастыруымен өткен «Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің үздік қызметкері және үздік әлеуметтік жоба» конкурсында «Медициналық-әлеуметтік сараптаманың үздік қызметкері және үздік әлеуметтік инспектор» номинациясы бойынша облыстық кезеңнің жеңімпаздары Н. В. Литкені және Н. Е. Ақынтаевты Шығыс Қазақстан облысының құрмет грамотасымен марапаттады.