
«Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкері және үздік әлеуметтік жоба» республикалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі
Ағымдағы жылдың 24 қазанында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұйымдастыруымен өткен «Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің үздік қызметкері және үздік әлеуметтік жоба» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Марапаттау рәсімінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан Алғыс хатпен «Медициналық-әлеуметтік сараптаманың үздік қызметкері» номинациясы бойынша облыстық кезеңнің жеңімпазы - Н. В. Литке, үздік әлеуметтік инспектор» номинациясы бойынша облыстық кезеңнің жеңімпазы Н. Е. Ақынтаев марапатталды.