Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының бас сарапшысы Г.Р. Сулейменова Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің мамандарымен семинар өткізді.
Семинар барысында ҚР Әлеуметтік кодексі, қолданыстағы зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет, «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімді Ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 07.12.2020 жылғы № 381 Заңының, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының негізгі нормалары түсіндіріліп өтті.
Қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.