2025 жылдың 3 қазаны күні Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті (әрі-қарай департамент) «Ұстазға алғыс» мерекелік іс-шарасы аясында, мұғалімге деген құрмет пен ризашылық сезімін білдіру, оның еңбегін бағалау мен қадірлеу барысында ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп – кешені» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі, педагог зерттеушісі Лариса Анатольевна Булыгаға алғыс хат пен гүл шоқтарын департамент басшысының м.а. Н. В. Литке табыстады.