2025 жылғы 18-22 тамызында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетіні Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Тарбағатай ауданының әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барып, 2025 жылдың 2 жартыжылдығына бекітілген тізім негізінде профилактикалық бақылау жүргізді.
Тексеру барысында мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында бұзушылықтар анықталды. Анықталған бұзушылықтар бойынша мекеме директорына анықталған бұзушылықтарды жоюдың нақты мерзімдерін көрсете отырып, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы Н. Е. Ақынтаев «Тарбағатай ауданының әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидалары және халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қатысушылардың барлық сұрақтарына жауаптар берілді.