План мероприятий, посвященных 30-летию Конституции Республики Казахстан на тему " Ата заң-Тәуелсіздік тірегі»

План мероприятий, посвященных 30-летию Конституции Республики Казахстан на тему " Ата заң-Тәуелсіздік тірегі»

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е. Б. Көшербаевтың 2025 жылғы 21 шілдедегі хаттамалық тапсырмасының 6 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата заң - Тәуелсіздік тірегі» атты іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы келесі жұмыстар атқарылды:
1. 2025 жылдың 7 тамызында Шығыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы және Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасымен бірлесіп «Конституция - мемлекеттің тұрақтылығының кепілі» тақырыбында жиын өткізілді. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының рәміздерін қолдану қағидалары түсіндірілді. Аталған жиында Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі жөніндегі секторының меңгерушісі және қоғамдық-саяси жағдайды талдау, азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі маманы Р. И. Бастаубаев баяндама жасады. Кездесу барысында Конституция мен Мемлекеттік рәміздердің қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етудегі, бірлікті нығайтудағы және азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылды дамытудағы рөліне ерекше назар аударылды.
2. 2025 жылғы 4 тамыздан 20 тамыз аралығында «Менің құқығым – менің қорғаным» атты тақырыпта мемлекеттік қызметшілердің балалары арасында бейнелеу өнерінен байқау өткізілді. Байқауға қатысушылар Қазақстан Республиксының Конститутциясы мен Мемлекеттік рәміздеріне арналған өз суреттерін ұсынды.
3. 2025 жылдың 21 тамызында департаменттің акт залында Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өткізіліп, аталған іс-шараға департаменттің қызметкерлері мен олардың балалары қатысты. Іс-шара барысында құттықтау сөздері айтылып, Конституция мен Мемлекеттік рәміздердің тәуелсіз Қазақстанды қалыптастырудағы тарихи рөлі атап өтілді.
Іс-шара қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілердің балалары департамент басшысының алғыс хаттарымен және кәсіподақ комитетінен естелік сыйлықтармен марапатталды.