2025 жылдың 27 мамырында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы М.Н. Чукубаев Талдау және болжау инстиуты ғимаратында өткізілген Шығыс Қазақстан облысы қоғамдық кеңесінің мүгедектігі бар адамдардың құқықтары бойынша комитетінің отырысына қатысты.
Отырысқа жұмыс тобы мүшелері және шақырылған тұлғалар қатысты.
Отырыс барысында «Жұмысшылар мамандықтары жылы шеңберінде мүгедектігі бар адамдарды оқыту бойынша білім беру органдарының жұмысы» тақырыбында Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының орынбасары Ақылбек Алима және «Көліктік қызмет көрсетуді ұйымдастыру, қоғамдық көліктерді кедергісіз пайдалану бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін жағдай жасау» тақырыбында «Шығыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-ің бөлім басшысының м.а. М.Т. Кинаятов баяндама жасады.
Қосымша баяндаманы «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-ің басшысының орынбасары М.Д. Тунгушбаев жасады.
Отырысқа қатысушылар баяндамаларды талқылады және осы мәселе бойынша шешім шығару үшін Комитет басшысына өз ұсыныстарын берді.