2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 сәуір аралығы бойынша барлық көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 1361 (ағымдағы жылдың сәуір айында – 315). Алғаш рет куәландырудан – 262 адам (2024 жылдың аталған кезеңінде – 354 адам), қайта куәландырудан – 936 адам (2024 жылдың аталған кезеңінде – 837 адам) өтті. Кәсіптік еңбек ету қабілетінен айыру дәрежесін анықтау – 82 (2024 жылдың аталған кезеңінде – 64). Оңалтудың жеке бағдарламасын құру – 19, оңалтудың жеке бағдарламасын түзету – 43 (2024 жылдың аталған кезеңінде ОЖБ құру, ОЖБ түзету – 91). Медициналық – әлеуметтік сараптамаға негізсіз жолданған жолдамалар саны – 33, оның ішінде көзбе – көз куәландыруға негізсіз жіберілген адамдар саны – 16, сырттай – проактивті куәландыруға жіберілген жолдамалар саны – 7, 10 – сапасыз толтырылған жолдамалар.
Сырттай – проактивті куәландыру көрсеткіші 2025 жылдың 30 сәуіріне 25,13 % - ды құрайды (сырттай – проактивті куәландыру форматында – 342 адам куәландырылды). (2024 жылдың аталған кезеңінде сырттай – проактивті куәландыру көрсеткіші 21,6% құраған).