Медициналық-әлеуметтік сараптаманың өзекті мәселелерін қарау

Медициналық-әлеуметтік сараптаманың өзекті мәселелерін қарау

Ағымдағы жылдың 05 мамырында медициналық ұйымдардың дәрігерлері мен Ұлытау облысы Денсаулық сақтау басқармасының өкілдерінің қатысуымен медициналық-әлеуметтік сараптаманың өзекті мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына бейнеконференция (ZOOM) форматында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің төрағасы И.В. Скуб, медициналық-әлеуметтік сараптаманы әдіснамалық қамтамасыз ету және жетілдіру департаментінің директоры А.К. Дюсенов, сондай-ақ Комитеттің медициналық-әлеуметтік сараптама басқармасының басшысы Ф.Т. Халикова қатысты.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің өкілдері Ұлытау облысы бойынша сырттай проактивті куәландырудың жоспарлы көрсеткішіне қол жеткізу мәселелерін, сондай-ақ оған қол жеткізу жолдарын қарастырды.

Сонымен қатар, жекелеген нозологиялық нысандар бойынша мүгедектікті белгілеу жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекше тетігін қолдану мәселелері, сондай-ақ азаматтарды медициналық-әлеуметтік сараптамаға негізсіз жіберу мәселелері талқыланды.

Дәрігерлік-консультациялық комиссия (ВКК) дәрігерлерінің назарына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі медико-әлеуметтік сараптамаға келіп түсетін медициналық құжаттарды талдау барысында елеулі бұзушылықтарды анықтағаны жеткізілді. Бірдей медициналық үзінді көшірмелерді пайдалану фактілері анықталды. Аталған фактілер мүгедектікті заңсыз белгілеу мақсатында медициналық құжаттарды қолдан жасау белгілерінің тікелей дәлелі болып табылады. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы бойынша осындай 167 жағдай анықталды.

Мемлекет мүгедектігі бар адамдарды қолдауға қомақты қаражат бөледі, және біздің міндетіміз — бұл қаражаттың заңнамаға сәйкес шынымен тиесілі азаматтарға жетуін қамтамасыз ету.