
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде. Негізгі мақсат адамның нақты қажеттіліктеріне назар аудара отырып, оңалтудың сапасын, қолжетімділігін және тиімділігін арттыру.
Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап ТСР-ды Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қамтамасыз ету тетігіне өзгерістер енгізілді. Негізгі жаңашылдық – ТСР құнын қалыптастыру үдерісінің толық цифрландырылуы, бұл адами факторды толықтай жоюға мүмкіндік берді. Бұрын кепілдендірілген сома әртүрлі дереккөздер (портал, мемлекеттік сатып алу, коммерциялық ұсыныстар) негізінде комиссия арқылы анықталса, енді есептеу Әлеуметтік қызметтер порталы мен электрондық дүкендердің деректері негізінде автоматты түрде жүргізіледі. Бұл:
Іс жүзінде бұл өнімдердің құны енді нақты нарықтық бағаға сәйкес келетінін білдіреді. Мысалы, бұрын 400–500 мың теңге деп бағаланған мүгедектер арбасы бүгінде шамамен 200 мың теңге көлеміндегі нақты құн негізінде есептеледі. Маңызды атап өту керек: бұл азаматтар есебінен үнемдеу емес, негізсіз шығындарды жою. Босатылған қаражат жүйені дамытуға және заманауи, технологиялық оңалту құралдарын сатып алуға бағытталады.
Жаңа тетіктер: ыңғайлылық пен икемділік
Жүйені жаңғырту аясында қосымша қолдау құралдары енгізілуде.
ТСР-ды қайтару тетігі (пилоттық жоба)
Бұл жоба бейінді ғылыми орталық базасында іске қосылады және тек ерікті сипатқа ие. Ол:
Бұл ретте:
Нақты қажеттілікке негізделген шешімдер
Қосымша түрде әлеуметтік-техникалық сараптама енгізілуде. Енді ТСР-ды ауыстыру туралы шешімдер формалды мерзімдерге емес, құралдың нақты жағдайы мен адамның қажеттіліктеріне қарай қабылданады. Бұл:
Оңалту қызметтерін дамыту
«Үй жағдайындағы оңалту» жобасы жүзеге асырылуда. Ол бірқатар өңірлерде оң нәтижелер көрсетіп, ағымдағы жылы кеңейтілетін болады.
Реформалардың қорытындысы
Жаңа әлеуметтік қолдау жүйесі қалыптасуда, онда:
Өзгерістердің басты қағидаты – үнемдеу емес, әрбір азамат үшін сапалы, әділ және қолжетімді оңалтуды қамтамасыз ету.