
2026 жылғы 18 наурызда облысы әкімінің орынбасары Н.Ғ. Карипбаевтың төрағалығымен әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын бейімдеу шараларының орындалуы бойынша кеңес өткізілді.
Кеңеске Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары басшы м.а Қ.М. Айдархан және жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы, сондай-ақ басқарма басшыларымен Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалалары мен Жаңаарқа және Ұлытау аудандарының әкімдерінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасарлары қатысты.
Кеңес барысында 2026 жылдың I тоқсаны бойынша әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын бейімдеу жұмыстарының ағымдағы жағдайы қаралды. Қалалар мен аудандар әкімдіктерінің жұмысы жеткіліксіз екені атап өтілді.
Қорытындысы бойынша жоспарланған нысандарды бейімдеу бойынша
барысына ай сайынғы мониторинг жүргізу, қолжетімділік интерактивті картасындағы мәліметтерді өзектендіру, тәуекелі бар нысандар бойынша көшпелі тексерулер ұйымдастыру және мерзімдердің бұзылу қаупін болдырмау бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.
Қала және аудан әкімдіктеріне 2026 жылғы 1 желтоқсанға дейін нысандарды 100% бейімдеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ 1 сәуірге дейін нысандарға ревизия жүргізіп, тәуекелдерді анықтап, қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат ұсыну тапсырылды.