«Заң және тәртіп»

«Заң және тәртіп»

Департаменттің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің өкілдері Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлерімен «Заң және тәртіп» идеологиясын насихаттау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында қатысушыларға құқықтық мәдениетті нығайтуға, заңнама нормаларын сақтауға және өз міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыруға бағытталған негізгі ережелері түсіндірілді.
Жұмыстың ашықтығы, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу, әлеуметтік саладағы заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етудің өзекті аспектілері, сондай-ақ кәсіби қызметте этикалық нормаларды сақтаудың маңыздылығы мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мұндай іс-шараларды өткізу құқықтық сананы қалыптастыруға, халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға ықпал етеді.