Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлерімен мүгедектігі бар адамдарды гигиена құралдарымен қамтамасыз ету тәртібін түсіндіру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлерімен мүгедектігі бар адамдарды гигиена құралдарымен қамтамасыз ету тәртібін түсіндіру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

2026 жылғы 5 наурызда Департамент басшысының орынбасары Қ.М. Айдархан және Департаменттің бақылау бөлімінің басшысы Е.Т. Утембаев Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлерімен мүгедектігі бар адамдарды гигиена құралдарымен қамтамасыз ету тәртібін түсіндіру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында мүгедектігі бар адамдарға гигиена құралдарын (жөргектерді) беру тоқсанына бір рет (әрқайсысы 365 дана) жеке абилитация және оңалту бағдарламаларын орындау шеңберінде жүзеге асырылатыны хабарланды. Тапсырысты қайта ресімдеу алдыңғы тапсырысты алған сәттен бастап күнтізбелік 60 күннен кейінгі мерзімде мүмкін болады.
Сондай-ақ тапсырыстарды ресімдеу жүйесі автоматтандырылған режимде жұмыс істейтіні түсіндірілді, осыған байланысты қайта өтінім беру белгіленген мерзімнен бұрын техникалық шектелген.
Гигиена құралдарын тоқсанына бір рет беру бюджет қаражатын есепке алу және ұтымды пайдалану мақсатында белгіленгені атап өтілді.
Бұл шаралар мүгедек адамдардың құқықтарын қорғауды күшейтуге және ұсынылатын қаражаттың сапасын арттыруға бағытталған.