Техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету бөлігінде ақпарат

Техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету бөлігінде ақпарат

Мүгедектігі бар адамдарға гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету тәртібі туралы хабарлаймыз.

Мүгедектігі бар адамдарды жеке абилитация және оңалту бағдарламаларын орындау шеңберінде гигиеналық құралдармен (жөргектермен) қамтамасыз ету тоқсанына бір рет (365 дана) жүзеге асырылады. Қайта тапсырыс беру алдыңғы тапсырысты алған күннен бастап кемінде 60 күнтізбелік күн өткеннен кейін ғана мүмкін болады.

Тапсырыстарды рәсімдеу жүйесі автоматтандырылған режимде жұмыс істейді, сондықтан белгіленген мерзімнен бұрын қайта өтінім беру техникалық тұрғыдан шектелген.

Гигиеналық құралдарды (жөргектерді) тоқсанына бір рет беру бюджет қаражатын есепке алу және ұтымды пайдалану мақсатында белгіленген.