Ұлытау облысында 6,6 мыңнан астам отбасы көпбалалы отбасы ретінде ай сайын мемлекеттік жәрдемақы алады

Ұлытау облысында 6,6 мыңнан астам отбасы көпбалалы отбасы ретінде ай сайын мемлекеттік жәрдемақы алады

2025 жылдың қорытындысы бойынша Ұлытау облысы бойынша 6,4 мың отбасы көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақыны 5,6 млрд теңге көлемінде алды. 2024 жылмен салыстырғанда алушылар санының өсімі 5,3%-ды құрады.

Жалпы алғанда, көпбалалы отбасылар санының артуы балалары бар отбасылардың әлеуметтік қорғалуы деңгейінің жоғарылағанын көрсетеді және 4 және одан да көп бала тууға ынталандырады.

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 91-бабына сәйкес көпбалалы отбасына жәрдемақы бюджет қаражаты есебінен ай сайын мынадай мөлшерде төленеді:

  • төрт балаға – 16,03 АЕК (69 330 теңге);
  • бес балаға – 20,04 АЕК (86 673 теңге);
  • алты балаға – 24,05 АЕК (104 017 теңге);
  • жеті балаға – 28,06 АЕК (121 360 теңге);
  • сегіз және одан да көп балаға – әр балаға 4 АЕК (17 300 теңге).

2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жәрдемақы алушылар саны 6 662 көпбалалы отбасын құрайды.