
2026 жылғы 25 ақпанда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті қызметкерлері Жезқазған қаласындағы С.Сейфуллин атындағы кітапханада аумақтық сайлау комиссияларының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында 15 наурызда өтетін жаңа Конституция аясындағы сайлау науқанына дайындық шеңберінде мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету, сайлау учаскелерінің қолжетімділігі мен объектілерді бейімдеу мәселелерін Ұлытау облысы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің басшы орынбасары Қ.М. Айдархан түсіндірді.