Әйелге құрмет – қоғамның даму деңгейінің көрсеткіші

Әйелге құрмет – қоғамның даму деңгейінің көрсеткіші

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша Департаментінде адамгершілікке жат мінез-құлық үлгілерін насихаттауға қарсы тұру, сондай-ақ қалыңдық ұрлау фактілерімен күресу туралы Мемлекет Басшысының тапсырмасы аясында жиын өткізілді.

«Әйелге құрмет – қоғамның даму деңгейінің көрсеткіші» ұранымен некеге мәжбүрлеу, сталкинг және әйелдерге қатысты өзге де зорлық-зомбылық түрлеріне қатысты құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында ақпараттық іс-шараға басшының орынбасары-әдеп жөніндегі уәкіл Қ.М.Айдархан, Ұлытау облысы бойынша МК Азаматтарға арналған үкімет филиалының қызметкерлері және департамент мамандары қатысты.

Әйел кісілерге құрметпен қарау құндылықтары, қарым-қатынасқа мәжбүрлеудің, қалыңдық ұрлаудың және ұлттық дәстүрлерге қатысы жоқ, мәдениетіміз бен заңнамамыздың негіздеріне қайшы келетін зорлық-зомбылықтың өзге де түрлерінің жол берілмейтіні жүйелі түсіндіру жұмыстары Департамент ұжымында келешектеде жүргізілетін болады.