
2026 жылғы 18 ақпанда Департамент басшысының орынбасары Қ. Айдархан және Департаменттің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Е. Утембаев Сәтпаев қаласы әкімінің орынбасары Д. Мұханның қатысуымен «Amanat» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасын іске асыру аясында жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесуге 2026 жылы бейімдеуге жататын нысандардың өкілдері қатысты. Іс-шара барысында әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды бейімдеу талаптары, қолжетімді орта қалыптастыру бағытындағы заңнама талаптары мен нақты міндеттер түсіндірілді.
Тараптар мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау, кедергісіз орта қалыптастыру және жоспарланған жұмыстарды сапалы әрі уақтылы орындау мәселелерін талқылады.
#Amanat #КедергісізКелешек #ҚолжетімдіОрта #Сәтпаев #ӘлеуметтікҚорғау