Емдеу ұйымдарының ДКК-мен кездесу

Емдеу ұйымдарының ДКК-мен кездесу

Ағымдағы жылдың 12 ақпанында емдеу ұйымдарының дәрігерлік-консультациялық комиссиясы өкілдерімен кездесу өткізілді.

Департаменттің медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау бөлімінің басшысы А. Ергазинова МӘС-ке жолдау кезінде жіберілетін бұзушылықтар туралы ақпаратты жеткізді.

Сондай-ақ, уақытша еңбекке қабілетсіздік сараптамасын жүргізу, сондай-ақ уақытша еңбекке қабілетсіздік парағын немесе анықтамасын беру қағидаларының 33-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, ұзақ уақыт ауыратын жұмыс істейтін азаматтарды МӘС-ке жолдау кезінде уақытша еңбекке қабілетсіздік парағының мерзімдерін сақтау қажеттігі түсіндірілді.

Жоғарыда көрсетілген талаптар сақталмаған жағдайда, МӘС сарапшылары медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуден бас тарту туралы шешім шығаратын болады.