
Мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық кепілдіктерінің бірі болып табылады. Жәрдемақы мүгедектігі бар адамның еңбек өтілі бар-жоғына қарамастан, сондай-ақ жәрдемақы тағайындауға жүгінген кезде жұмысы тоқтатылғанына немесе жалғасып жатқанына қарамастан төленеді.
Жәрдемақы мөлшері мүгедектік тобына және оның себептеріне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленетін күнкөріс деңгейінің мөлшеріне байланысты айқындалады. Күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты жәрдемақы мөлшері жыл сайын инфляция деңгейіне сәйкес кепілді түрде арттырылып отырады.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жәрдемақы мөлшері 10%-ға ұлғайтылды және мүгедектік тобына қарай айына: I топ – 111 873 теңге, II топ – 89 498 теңге, III топ – 61 022 теңге мөлшерінде белгіленді.
Ұлытау облысы бойынша мүгедектік бойынша жәрдемақы алушылар саны – 8,4 мың адам. 2025 жылы 626,4 млн теңге, 2024 жылы – 617,9 млн теңге көлемінде жәрдемақы төленді.