
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтерді лицензиялау енгізілді. Лицензиялауға балаларға, 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ қарттарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдар жатады.
Лицензиялауды енгізу ең алдымен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ қызмет алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.
Ұлытау облысы бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 9 ұйым лицензия алды. Оның ішінде 5 ұйым қызметтерді үй жағдайында көрсетсе, қалғандары жартылай стационар және стационар жағдайында қызмет көрсетеді.
Лицензия алдындағы бақылау шеңберінде Департамент тарапынан ұйымдарға лицензиялауға дайындық мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, атап айтқанда қажетті материалдық-техникалық базаның болуы, білікті мамандармен штаттың қамтамасыз етілуі, сондай-ақ ғимараттар мен үй-жайлардың халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша.