
2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Ұлытау облысындағы зейнеткерлер саны 29,9 мың адамды құрады (2025 жылғы 1 қаңтарда – 29,1 мың адам).
2025 жылы облыс бойынша зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға 50,2 млрд теңге бағытталды.
2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері Қазақстан Республикасы бойынша 179 934 теңгені, ал Ұлытау облысында 180 576 теңгені құрады (2025 жылғы 1 қаңтарда – 167 341 теңге).
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап инфляция деңгейін ескере отырып жүргізілген жыл сайынғы индексация аясында ынтымақты зейнетақылардың мөлшері 10 %-ға ұлғайтылды.
Сондай-ақ, ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты базалық зейнетақының мөлшері де 10 %-ға артты.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес базалық зейнетақы мөлшерін кезең-кезеңімен арттыру жалғастырылуда. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап оның ең жоғары мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 110 % -ынан 118 % -ына дейін ұлғайтылды.
Осыған байланысты, ағымдағы жылы жиынтық зейнетақының (ынтымақты және базалық) ең төменгі мөлшері – 104 645 теңгені, ал ең жоғары мөлшері – 238 411 теңгені құрайды.