
2026 жылғы 30 қаңтарда медициналық ұйымдардың дәрігерлік-консультациялық комиссияларының (ВКК) төрағаларымен 2025 жылғы медициналық-әлеуметтік сараптаманың (МЭС) жұмыс қорытындыларын талқылау бойынша кездесу өтті.
Жұмыс кездесуі барысында медициналық -әлеуметтік сараптамаға жолдау құжаттарының сапасыз рәсімделуі және сырттай-проактивті куәландыру көрсеткішін арттыру мәселелері қаралды.
2025 жылы МЭС бөлімімен 3 754 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Алғашқы рет 597 адам мүгедек деп танылды, оның ішінде 417 ересек, 180 бала.
МЭС-ға негізсіз және сапасыз жолдаулардың 37 жағдайы бойынша Ұлытау облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Департаментіне хаттар жолданды. 32 жағдайда әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылды.
МЭС-ға жолдау құжаттарын сапасыз рәсімдеудің ең көп саны «Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС, Сәтбаев қалалық емханасы және «Жез Денсаулық» ЖШС тарапынан тіркелді. Аталған ұйымдардың өкілдерімен 0/31у нысандарында жіберілген барлық бұзушылықтар егжей-тегжейлі қаралды.
Сондай-ақ медициналық ұйымдардың назарына 2026 жылға арналған сырттай-проактивті куәландырудың жоспарлы көрсеткіші кемінде 45% екені жеткізілді.