2026 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерлерінің ұлғайуы туралы

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы мен жәрдемақы  мөлшерлерінің ұлғайуы туралы

        «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап республикалық бюджеттен төленетін зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерлері артады.

      2026 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы мөлшерлері 10 %-ға ұлғайтылады. Мысалы, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жасына байланысты зейнетақы мөлшері 94000 теңгені құраса, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 10 %-ға артады да, 103400 теңгені құрайды.

      2026 жылдың 1 қаңтарынан кейін зейнетақы тағайындауға өтініш берген азаматтарға зейнетақы мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс  237875 теңге (яғни 4325 теңге айлық есептік көрсеткіштің 55 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс). Мысалы, нақты орташа табыс 280000 теңге  болса, зейнетақыны есептеу үшін  237875 теңге орташа айлық табысы есепке алынады.

      Базалық зейнетақы төлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің жаңа мөлшеріне байланысты пайызбен белгіленеді. Мәселен, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл және одан аз болса, немесе болмаған жағдайда ол ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайыз мөлшерінде беріледі, яғни 35596 теңгені құрайды. 10 жылдан астам жұмыс өтілі болған жағдайда, оның мөлшері әрбір толық жыл үшін 2 пайызға ұлғайып, ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының 118 пайызынан аспайтын мөлшерде белгіленеді, яғни –60005 теңге.

     

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап көрсеткіштердін  белгіленген мөлшерлері:

 

* айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4 325 теңге,

* ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) – 50 851 теңге,

* ең төменгі базалық зейнетақы төлемі – 35 596 теңге,

* ең төменгі зейнетақы – 69 049 теңге,

* ең төменгі жалақы – 85 000 теңге.

 

      Мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына, жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, еңбек жағдайлары аса зиянды және ауыр жұмыстарда істейтін адамдарға берілетін мемлекеттік арнаулы жәрдемақыларды, балалар жәрдемақыларын (біржолғы және бір жарым жасқа дейінгі бала күтімі бойынша) ұлғайту, сондай-ақ көп балалы отбасылар мен ата-аналарға (қамқоршыларға) берілетін жәрдемақылар айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) және ең төменгі күнкөріс деңгейінің (ЕТКД) мөлшерінің ұлғаюына  байланысты көбейеді.

 

МҮГЕДЕКТІГІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖӘРДЕМАҚЫ

(ЕТКД-не байланысты өседі):

* жалпы ауруға шалдығудан, жұмыста мертігуден, кәсіптік ауруға шалдығудан

болған мүгедектігі бар адамдар, мүгедектік белгіленген кісілерге:

   I топ –    111 873 теңге (2.20),

   II топ –   89 498 теңге (1,76),

   III топ –  61 022 теңге (1,20),

* мүгедектік белгіленген балаларға:

* жеті жасқа дейін – 81 871 теңге (1,61),

* жеті жастан 18 жасқа дейінгі 1 топ – 111 873 теңге (2,20),

* жеті жастан 18 жасқа дейінгі 2 топ – 93 058 теңге (1,83),

* жеті жастан 18 жасқа дейінгі 3 топ – 81 871 теңге (1,61),

* бала кезінен мүгедектік белгіленген кісілерге:

* I топ – 111 873 теңге (2,20),

* II топ – 93 058 теңге (1,83),

* III топ – 81 871 теңге (1,61).

 

АСЫРАУШЫСЫНАН АЙРЫЛУ ЖАҒДАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЖӘРДЕМАҚЫ (ЕТКД-не байланысты):

Ата-анасының біреуі қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кеткен жағдайда балаға ай сайынғы төлем:

* бір балаға – 46 783 теңге (0,92),

* екі балаға – 86 447 теңге (1,70),

* үш балаға –  114 415 теңге (2,25),

* төрт балаға –  132 213теңге (2.60),

* бес балаға – 139 841 теңге (2,75),

* алты баладан жоғары  – 152 553 теңге (3.00).

Ата-анасының екеуінен де айырылған жағдайда әрбір балаға  78 311  теңге (1,54) төленеді.

 

№ 1, 2 ТІЗІМДЕР БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК АРНАЙЫ ЖӘРДЕМАҚЫ:

Еңбек жағдайлары аса қауіпті және ауыр кәсіпорындарда жұмыс істеген № 1 тізім бойынша алушыларға 40 742  теңге (9,42 АЕК), № 2 тізім бойынша алушыларға 36 244 теңге (8,38 АЕК) төленетін болады.

 

 

 

 

БАЛА ТУУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖӘРДЕМАҚЫ:

(айлық есептік көрсеткішке байланысты -  АЕК)

* бірінші, екінші, үшінші балаға – 164 350 теңге (38 АЕК),

* төртінші балаға – 272 475 теңге (63 АЕК).

 

АЙ САЙЫНҒЫ БАЛА КҮТІМІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖӘРДЕМАҚЫ:

(айлық есептік көрсеткішке байланысты -  АЕК)

* бірінші балаға – 24 912 теңге (5,76),

* екінші балаға –  29 454 теңге (6,81),

* үшінші балаға – 33 952 теңге (7,85),

* төрт, одан да көп балаға – 38 493 теңге (8,9).

 

Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған анасы не әкесіне (қамқоршысына)  берілетін жәрдемақы және I топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамдарға берілетін жәрдемақы мөлшері -  81 871 теңге (1,61 ЕТКД).

 

КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖӘРДЕМАҚЫ:

(айлық есептік көрсеткішке байланысты -  АЕК)

«Алтын алқа» алқасымен марапатталған (жеті және одан көп бала) көп балалы аналар үшін ай сайынғы жәрдемақы 32 005 теңге, (7,4 АЕК), ал «Күміс алқа» алқасымен (алты бала) марапатталған аналарға 27 680 теңге (6,4 АЕК) белгіленген.

 

КӨП БАЛАЛЫ ОТБАСЫНА АРНАЛҒАН ЖӘРДЕМАҚЫ:

(айлық есептік көрсеткішке байланысты -  АЕК)

* 4 балаға – 69 330 теңге (16,03),

* 5 балаға – 86 673 теңге (20,04),

* 6 балаға – 104 017 теңге (24,05),

* 7 балаға – 121 360 теңге (28,06),

* 8 балаға – 138 400 теңге (32,00),

* 9 балаға – 155 700 теңге (36,00),

* 10 балаға – 173 000 теңге (40,00),

* 11 балаға – 190 300 теңге (44,00), жобамен әр балаға 17300 теңге белгіленген.

 

АРНАУЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫ:

 

* Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – 69 200 теңге (16,0 АЕК),

* Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы,

мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға

теңестірілген адамдарға – 32 654 теңге (7,55 АЕК),

* Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдарға – 26 772 теңге (6,19 АЕК),

* Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне – 19 376 теңге (4,48 АЕК),

* Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасына – 19 852 теңге (4,59 АЕК),

* Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына)– 11 072 теңге (2,56 АЕК),

* Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген адамдарға – 9 213 теңге (2,13 АЕК),

 * 1988–1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушыларға– 20 760 теңге (4,8 АЕК),

 * Бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар зейнеткерлерге – 7 396 теңге (1,71 АЕК),

 *Үшінші топтағы мүгедектігі бар зейнеткерлерге – 3 201 теңге (0,74 АЕК);

 *Саяси қуғын-сүргін құрбандарына, саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын адамдарға – 5 320 теңге (1,23 АЕК).

 

ЖЕРЛЕУГЕ ТӨЛЕНЕТІН ЖӘРДЕМАҚЫ:

 

Жасы бойынша зейнетақы төлемін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушы немесе мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда жерлеуге арналған біржолғы төлемнің мөлшері – 151 375 теңге (35,0 АЕК).

Жасы бойынша зейнетақы төлемдерін алушы Ұлы Отан соғысының ардагері болса, қайтыс болған жағдайда 158 295 теңге (36,6 АЕК) төленетін болады.