Кәсіподақтар мен регрессниктер көтерген негізгі мәселелер: кәсіби еңбекке жарамдылығын жоғалту және мүгедектік белгілеу, сондай-ақ регрессниктердің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын төлеуі.
Сонымен қатар, ауыр, зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбегін мемлекеттік реттеу тетіктері, сонымен қатара зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлерге міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару, сондай-ақ зиянды еңбек жағдайында ұзақ жылдар бойы жұмыс істеген, бірақ зейнетақы жарналарының 7 жылдық өтілі жоқ тұлғаларды әлеуметтік қорғау мәселелері қозғалды.
Кездесу барысында әрі қарай пысықтауды қажет ететін нақты ұсыныстар айтылды. Кездесу конструктивті диалог жағдайында өтті.