
Қазақстан Республикасындағы Ардагерлер туралы Заңы.
Бұл Заң 2020 жылғы 6 мамырдағы № 322-VІ Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген.
Оcы Заңға сәйкес мыналар ардагерлер болып танылады:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
2) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
3) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
4) еңбек ардагерлері.
1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар;
2) Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдар.
Мыналар басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері болып танылады: олар бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және
қатардағы құрамының адамдарыжәне де Ауғанстандағы ұрыс қиымлдарына қатысқан әскери қызметшілер.
Сонымен қатар, Тәжікстан-Ауғанстан шекарасында болған және Ирактағы халықаралық бітімгершілік операциялар мен Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер жатады.
3) Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер
Мыналар жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер деп танылады:
1) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар;
2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдар.
4) Еңбек ардагерлері
Еңбек ардагерлеріне мыналар жатады: Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің иегерлері; "Қазақстанның Еңбек Ері", "Халық қаһарманы" атақтарына ие болған адамдар, Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар немесе Қазақстан Республикасының құрметті атақтарына ие болған, не құрмет грамоталарымен наградталған не ведомстволық наградаларымен наградталған адамдар.
Осы Ардагерлер туралы Заңына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 27 маусымдағы № 129-VII Заңына өзгерістер енгізілді.
Енгізілген өзгерістерге сәйкес: ұрыс қимылдары мен бітімгершілік операцияларға қатысқан кезеңдері нақты көрсетілетін болды.
Нақтырақ айтатын болсақ:
- Тәжікстан – Ауғанстан шекарасында міндеттерін орындаған әскери қызметшілер 1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде;
- Ирактағы бітімгершілік операцияларға қатысқан әскери қызметшілер 2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде;
- Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілердің 1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңдері көрсетілді.
Қағидаларға сәйкес алдын Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге 1986 – 1990 жылдар аралығындағы қатысқан әскери қызметшілерге жәрдемақы тағайындалып келсе, енгізілген өзгерістер бойынша 1991 жылы ұрыс қимылдарына қатысқан әскери қызметшілердің де жәрдемақыға құқығы пайда болды.
Сондықтан облысымызда осындай санаттағы азаматтар болса өздері тұратын тұрғылықты жердегі ХҚО-на барып құжаттарын тапсырып жәрдемақыға өтініш беруге болады.
Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің
Түркістан облысы бойынша департаментінің
№4 Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру
бөлімінің бас маманы Турабаева Әсел