2022 жылдың 7 айында Департаменттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жүргізілген жұмыстар туралы

2022 жылдың 7 айында Департаменттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жүргізілген жұмыстар туралы
🔰 2022 жылдың 7 айында Департаменттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жүргізілген жұмыстар туралы:
 
⚜️Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - департамент) 07 ақпан 2022 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2022 жылға арналған іс-шара жоспары» бекітілген:
🔶Жоспарға сай, 08.06.2022 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің «Адал алаңның» өкілдерімен «Департамент қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық көріністері бар құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын-алу және оларға жол бермеу мақсатында кешенді профилактикалық іс-шаралар жүргізу» негізінде семинар ұйымдастырылды.
Баяндаушылар баяндама жасау барысында , оқу және пара алу барысында ұсталу жағдайлары бойынша видеоролик көрсетіліп қызметкерлермен пікір алмасты.
 
🔶 Өткізілген отырыста , Департамент қызметкерлер тарапынан :
➤ Әдептілік нормаларының сақталуына және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге,
➤Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарларын жою бағытында бағынысты қызметкерлермен профилактикалық жұмыстарды күнделікті жүргізуді;
➤ Барлық қызметкерлер адал, әділ, қарапайым болуды, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауды, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуды және мемлекеттік және еңбек тәртібін бұлжытпай сақтап жұмыс уақытын ұтымды пайдалану туралы шешімдер қабылданып хаттама тұзілді.
 
🔶Сонымен қатар, департаменте ай сайын, қызметкерлермен жиындар өткізілу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселері бойынша түсіндірме жүргізіліп хаттамалар бекітітіліп отыр.
 
🔶 ҚР Сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментімен бірлескен жұмыс ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы - ақпаратттық жадынама департаменттің барлық құрырылдық бөлімшелеріне таратып, халық қабылдау бөлімдерінде ілініп қойылды.
 
🔶Өз кезенінде , Департаментке келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдары бойынша шұғыл әрекет етумен мәселенің мән-жайын анықтып, Заң шеңберінде шешу үшін қызметтік тергеп-тексеру ұйымдастырылып, қорытындылары Департаменттің тәртіптік комиссияларында қаралып тиісті шешімдер қабылданған:
 
🔶Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы 08.02.2022 жылы құрылып, биылғы жылға осы топтардың нақты атқарылатын жұмыс жоспарлары бекітіліп, іс-шаралардың жүзеге асырылуы қамтамасыз етілуде.
 
➤ 2022 жылға арналған жоспардың №15 тармақшасындағы «сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жасау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында, әр тоқсан сайын департамент бөлімдеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында медициналық-әлеуметтік сараптамадан алғаш және қайта куәландырудан өтетін қызмет алушылармен анкета алу арқылы, сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимылға ішкі талдау жүргізіледі.
 
Қазіргі таңда Департаметтің МЭС аударында ішкі талддау өткізіліп отыр.
🔶Барған бөлімдерінде, бөлім басшылары, бас мамандары мен қызмет алушылармен сұхбаттасып, сыбайлас жемқорлықты болдырмау жағдайлары мен ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің нормаларын қатаң сақтауды және МӘС бөлімінің жауабымен қанағаттанбаған жағдайда , Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Әкімшілік рәсімдік процессуалдык кодексі Заңына сәйкес жоғары тұрған органға немесе сотқа жүгінуге құқығы түсіндірді.
 
Қызмет көрсетуді алушымен толтырылатын анкетаға талдаулар жасалу барысында, МӘС бөлімінің мемлекеттік көрсетілетін қызметі орташа деңгейде «жақсы» деген бағалаумен бағаланған.
 
🔶Сонымын қорытындылай келе, департаменттің қызметкерлеріне тұрақты түрде Әдеп нормаларын және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және алдын-алу үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізуде ;
 
➤әлеуметтік желілерде департаменттің жұмыстары бойынша ақпараттық-насихаттық жұмыстары күшейту әлдеде жоспарланып отыр.