"Кедергісіз келешек" партиялық жобасы аясында қоғамдық қабылдау өткізді

"Кедергісіз келешек" партиялық жобасы аясында қоғамдық қабылдау өткізді

"Кедергісіз келешек" партиялық жобасы аясында AMANAT партиясының Түркістан облысы Қазығұрт аудандық филиалында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіне қарасты № 6 МӘС бөлімінің басшысы Оспанова Фарида Бимахановна аудандық емхананың дәрігерлік консультациялық комиссия мүшесі Мұхтар Сапарбекұлы   21-сәуір күні  қоғамдық қабылдау өткізді.                                              

 Партияның басты міндеті – әрбір қазақстандықтың өз әлеуетін іске асыруына теңдей мүмкіндік жасау болып табылады. Қабылдауға келген, жалғыз басты ана Т.Боранбаева әлеуметтік осал топқа жатады, сол себепті денсаулығын күтуге, емделуге қаражаты болмаған, құжаттарын тапсыра алмаған. Қазіргі таңда ақылы қоғамдық жұмыс жасап жүргендігін,  денсаулығы күн санап нашарлап жатқанын айтып денсаулығына байланысты  жәрдемақы алуға көмек берілуін өтінді. Нәтижесінде: Фарида Бимахановна медициналық сараптамалық қорытындыларын тексеріп, Мұхтар Сапарбекұлына ауруханаішілік дәрігерлік консультациялық комиссия отырысында шешім қабылдауды ұсынды. Қабылдауға келген келесі тұлғалар   Ешенкулов.А.С , Рүстемова.А.Б ,  Алтаева.К.Б, Бегманова.А, Әмір.Ә             әр қайсысы өздерінің денсаулықтарындағы мәселелер бойынша кеңес алып, қойылған сұрақтары бойынша заң шеңберінде оңды жауаптарды алды. № 6 МӘС бөлімінің басшысы Оспанова Фарида Бимахановна алдағы уақытта AMANAT партиясында қоғамдық қабылдауларды жиі өткізіп тұратындығы жөнінде айтты.