№ 2 МӘС бөлімі Кентау қалалық емхана дәрігерлерімен бірлескен семинар-кеңес өткізді

№ 2 МӘС бөлімі   Кентау қалалық емхана дәрігерлерімен бірлескен семинар-кеңес өткізді

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің № 2 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі 20.04.2022 ж Кентау қалалық емхана дәрігерлерімен бірлескен семинар-кеңес өткізілді.

Отырыс барысында келесі мәселелер қаралды:

1. № 2 МӘС бөлімінің 2022 жылдың 1 тоқсанында атқарған жұмысының қорытындысын талқылау.
2. Мүгедектікті және еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау мемлекеттік қызметін проактивті сырттай куәаландыруға жіберілетін науқастар туралы ақпаратты дұрыс және толық толтыру туралы түсіндірме жұмыстары.
3. 2022 жылға негізсіз жолданған науқастар бойынша талдау жүргізу.
4. 7 жасқа толған балалардың мүгедектік тобын белгілеу үшін МСЭ ге уақытылы жолдануын бақылауға алу.
5. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау.