ҮШ ӨҢІРДЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ОҢАЛТУ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ТІЗІМІ КЕҢЕЙТІЛДІ: ҚАТЫСУШЫЛАРҒА SMS ЖІБЕРІЛІП, МАМАНДАР ҚОҢЫРАУ ШАЛАДЫ

ҮШ ӨҢІРДЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ОҢАЛТУ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ТІЗІМІ КЕҢЕЙТІЛДІ: ҚАТЫСУШЫЛАРҒА SMS ЖІБЕРІЛІП, МАМАНДАР ҚОҢЫРАУ ШАЛАДЫ
🇰🇿 ҮШ ӨҢІРДЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ОҢАЛТУ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ТІЗІМІ КЕҢЕЙТІЛДІ: ҚАТЫСУШЫЛАРҒА SMS ЖІБЕРІЛІП, МАМАНДАР ҚОҢЫРАУ ШАЛАДЫ
Ақтөбе, Қарағанды және Павлодар облыстарында 2026 жылғы 1 шілдеден бастап техникалық оңалту құралдарының тізімі кеңейтілді. Бұл жұмыс Ұлттық әлеуметтік қорғау саласын дамыту ғылыми орталығының жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүзеге асырып жатқан пилоттық жобасы аясында жүргізіледі.
Жоба барысында көру қабілеті бұзылған азаматтар пайдаланатын тифлотехникалық құралдардың жекелеген түрлерінің жағдайы тексеріліп, техникалық диагностика жасалады.
Енді тізімге экрандағы ақпаратты қолжетімді етуге және мәтінді дыбыстап оқуға арналған бағдарламалары бар ноутбуктер, мәтінді дыбыстап оқитын арнайы құрылғылар, дыбыстық синтезі бар портативті тифлокомпьютерлер, сондай-ақ ақпаратты Брайль қарпімен енгізу және шығаруға мүмкіндік беретін құрылғылар енгізілді.
Осы құралдарды пайдаланатын азаматтар оларды тексертіп, техникалық жағдайын анықтау үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ұлттық әлеуметтік қорғау саласын дамыту ғылыми орталығының филиалдарына жүгіне алады.
Диагностика нәтижесінде құралдың қазіргі жағдайы анықталады. Қажет болған жағдайда оны қалпына келтіру үшін қандай жұмыстар жүргізу керектігі белгіленеді.
Пилоттық жобаға қатысуға болатын азаматтарға Ұлттық әлеуметтік қорғау саласын дамыту ғылыми орталығының мамандары SMS хабарлама жібереді және телефон арқылы хабарласады. Бұл хабарламалар мен қоңыраулар пилоттық жоба аясында жасалады және алаяқтық әрекеттерге қатысы жоқ.
Егер сізге SMS келсе немесе мамандар қоңырау шалса, жобаға қатысуға қатысты нақты ақпарат алу үшін видеода көрсетілген байланыс нөмірлері арқылы мамандарға өзіңіз хабарласа аласыз.
Техникалық оңалту құралдарының тізімін кеңейту көру қабілеті бұзылған азаматтар пайдаланатын құралдардың көбірек түрін қамтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жоба аясында оларға техникалық қызмет көрсету жүйесін жетілдіруге жол ашады.
Жобаның негізгі мақсаты оңалту құралдарына уақтылы техникалық қызмет көрсетіп, олардың жұмысқа жарамды күйін сақтау. Бұл көру қабілеті бұзылған азаматтардың күнделікті өмірде аталған құралдарды тиімді пайдалануына мүмкіндік беруге бағытталған.
▶️ Толық ақпарат бейнематериалда.
Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube