
«Әлеумет» порталы қалай жұмыс істейді?
Мүгедектігі бар азаматтарға қажетті техникалық оңалту құралдары мен жекелеген әлеуметтік қызметтерді таңдауға және алуға мемлекет цифрлық мүмкіндіктер ұсынып отыр.
Солардың бірі – «Әлеумет» әлеуметтік қызметтер порталы. Портал арқылы азамат өзіне қажетті құралды үйден шықпай-ақ таңдап, оны ұсынатын жеткізушіні анықтап, электронды түрде тапсырыс бере алады.
Порталда протездік-ортопедиялық бұйымдар, сурдо- және тифлотехникалық құралдар, жүріп-тұруға арналған құралдар, міндетті гигиеналық құралдар және жекелеген әлеуметтік қызметтер қолжетімді.
Ал қажетті құралды қалай таңдауға болады? Тапсырыс қалай рәсімделеді? Порталдағы AIdana чат-боты қандай ақпарат береді? Қолдану кезінде көмек қажет болса, қайда жүгінуге болады?

Осы сұрақтардың барлығына бейнероликтен жауап таба аласыздар.
Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube