
Әлеуметтік төлемдерді автоматты түрде тағайындау – азаматтың өтініш бермей-ақ, өзіне тиесілі төлемді алу мүмкіндігі. Егер мемлекеттік ақпараттық жүйелерде азамат туралы қажетті мәліметтер болса, жүйе оның әлеуметтік төлем алуға құқығын автоматты түрде тексереді. Құқығы расталған жағдайда электрондық іс қалыптастырылып, тиісті төлем тағайындалады.