ЕҢБЕК КІТАПШАСЫНДА ҚАТЕ БОЛСА, ҚАЛАЙ ӘРЕКЕТ ЕТУ КЕРЕК?

ЕҢБЕК КІТАПШАСЫНДА ҚАТЕ БОЛСА, ҚАЛАЙ ӘРЕКЕТ ЕТУ КЕРЕК?
 ЕҢБЕК КІТАПШАСЫНДА ҚАТЕ БОЛСА, ҚАЛАЙ ӘРЕКЕТ ЕТУ КЕРЕК?
 
Еңбек кітапшасындағы қате немесе толық емес мәлімет болашақта еңбек өтілін растау кезінде қиындық туғызуы мүмкін. Сондықтан мұндай қателерді уақытында түзету маңызды.
ҚР Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес, еңбек кітапшасы еңбек қызметін растайтын құжаттардың бірі болып табылады.
 Қате жазба анықталса:
Еңбек кітапшасындағы қате мәліметті жай ғана сызып тастауға болмайды. Ол белгіленген тәртіппен, тиісті құжаттар негізінде түзетіледі.
 Еңбек кітапшасы жоқ немесе жарамсыз болса:
Еңбек өтілі архив анықтамаларымен, жұмыс орнынан берілген анықтамалармен, архивтік құжаттармен немесе заңнамада көзделген жағдайларда сот шешімімен расталуы мүмкін.
HR Enbek жүйесінде қате болса:
2026 жылдан бастап жұмыскерлер HR Enbek порталындағы «Электрондық еңбек кітапшалары» бөлімі арқылы еңбек шарты туралы қате немесе өзекті емес мәліметтерді түзетуге сұраным жібере алады.
Жұмыс беруші сұранымды 3 жұмыс күні ішінде қарайды. Жауап болмаған жағдайда сұраным уәкілетті органға автоматты түрде жолданады.
 Маңызды: 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі зейнетақы тағайындау кезінде маңызды рөл атқарады. Сондықтан еңбек қызметіңіз туралы мәліметтердің дұрыстығын зейнет жасына дейін тексеріп қойған жөн.
 Құқықтық негіз: ҚР Еңбек кодексі, ҚР Әлеуметтік кодексі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің №232 бұйрығы.