ЗЕЙНЕТАҚЫ ТӨЛЕМДЕРІНІҢ МӨЛШЕРІ.

ЗЕЙНЕТАҚЫ ТӨЛЕМДЕРІНІҢ МӨЛШЕРІ.
 ЗЕЙНЕТАҚЫ ТӨЛЕМДЕРІНІҢ МӨЛШЕРІ
 
Қазақстанда зейнетақы мөлшері бір ғана көрсеткішке байланысты емес. Ол бірнеше фактордың негізінде қалыптасады.
 1. Базалық зейнетақы
Базалық зейнетақы зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты.
2026 жылы:
 ең төменгі мөлшері – 35 596 теңге;
 ең жоғары мөлшері – 60 005 теңге.
10 жыл және одан аз өтіл болған жағдайда – ЕТКД-нің 70%-ы. 10 жылдан асқан әрбір толық жыл үшін мөлшері 2%-ға ұлғайып, 118%-ға дейін жетеді.
 2. Ынтымақты зейнетақы
Оның мөлшері:
 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтіліне;
 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі кезеңдегі қатарынан кез келген үш жылдағы орташа айлық кіріске байланысты.
Толық көлемдегі зейнетақы орташа айлық кірістің 60%-ы негізінде есептеледі.
2026 жылы есепке алынатын ең жоғары орташа айлық кіріс – 237 875 теңге (55 АЕК).
 3. БЖЗҚ-дағы жинақтар
Жинақтаушы зейнетақы төлемдерінің мөлшері азаматтың БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы жинақтарына байланысты.
Сондықтан ресми еңбек ету, еңбек шартының дұрыс рәсімделуі және зейнетақы жарналарының уақытылы аударылуы – болашақ зейнетақы үшін маңызды.
 2026 жылғы зейнеткерлік жас:
Ерлер – 63 жас
 Әйелдер – 61 жас
Әйелдердің зейнеткерлік жасы 2028 жылдан бастап кезең-кезеңімен 63 жасқа дейін ұлғаяды.
 Маңызды: еңбек кітапшаңыздағы еңбек өтіліне қатысты мәліметтерді, электрондық еңбек шартыңызды және зейнетақы жарналарының аударылуын алдын ала тексеріңіз.
Өйткені болашақ зейнетақы мөлшері бүгінгі еңбек қызметіңіз бен зейнетақы жүйесіне қатысуыңызға тікелей байланысты.
 Құқықтық негіз: ҚР Әлеуметтік кодексі, ҚР Еңбек кодексі және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің №232 бұйрығы.