МӘЛІМЕТ САҒАТЫ.

МӘЛІМЕТ САҒАТЫ.
⏱️МӘЛІМЕТ САҒАТЫ - “Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақының кімдерге және қандай тәртіппен тағайындалатыны” туралы
🎙️Хадиша Макулбаева - №2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы.
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда еңбек еткен азаматтарды әлеуметтік қорғау мақсатында арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы енгізілді.
Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы – зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істеген азаматтарға берілетін ай сайынғы әлеуметтік төлем.
Жәрдемақыны тағайындаудың негізгі шарттары:
✅ Азаматтың 55 жасқа толуы немесе одан жоғары жаста болуы;
✅ Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жұмыс беруші есебінен кемінде 84 ай (7 жыл) көлемінде 5 пайыздық міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының аударылуы;
✅ Зиянды еңбек жағдайларындағы жұмысты тоқтатып, зиянды өндірістік факторлардың әсері жоқ басқа жұмысқа ауысуы.
Жәрдемақы төлеу тәртібі
Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін төленеді. Зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін азаматқа қолданыстағы заңнамаға сәйкес зейнетақы төлемдері тағайындалады.
Жәрдемақы ай сайын төленеді. Оның мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 еселенген мөлшерін құрайды.
Өтініш беру жолдары:
📌 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (ХҚКО) арқылы;
📌 Проактивті қызмет көрсету тәртібі арқылы.
Қосымша ақпарат алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша ХҚКО-ға жүгінуге болады.