КӨШПЕЛІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ТЕМІР ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ӨТКІЗІЛДІ.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы Қоғамдық қабылдау бөлмесінің ұйымдастырумен мобильді көшпелі қоғамдық қабылдау бүгін Темір елді-мекенінде өткізілді.

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау бөлімінің бас маманы М.Марат түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
