ҰОС ардагерлеріне Жеңіс күніне біржолғы материалдық көмек түрінде 545 млн теңге төленді

ҰОС ардагерлеріне Жеңіс күніне біржолғы материалдық көмек түрінде 545 млн теңге төленді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ұлы Отан соғысы ардагерлерін әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтты. Биыл Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу құрметіне 109 ардагерге жалпы сомасы 545 млн теңгеге біржолғы материалдық көмек төленді. ҰОС-да Жеңіске үлес қосқан өзге де санаттардағы азаматтарға да 50-ден 200 мың теңгеге дейінгі мөлшерде әлеуметтік көмек көрсетілді.

https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/991806?lang=kk