2025 жылдың 29 сәуірде Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің №2 медициналық әлеуметтік сараптама бөлімінің мамандары «Ишим» медициналық орталық мамандарымен «№2 медициналық әлеуметтік сараптама бөлімінің «Ишим» медициналық орталықтың дәрігерлік-консультациялық комиссиясымен жшберілген тұлғаларға «Мүгедектігін және/немесе еңбекке қабілеттілігін жоғалту дәрежесін анықтау және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша 2025 жылдың 1 тоқсанындағы қызметінің есебі» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар барысында медициналық-әлеуметтік сараптамаға жеке тұлғаларға жолдама беру және негізсіз жіберу туралы мәселелер қаралды.
Сондай-ақ медицина орталықтың дәрігелерінен келіп түскен барлық сұрақтарға жауаптар берілді.