«№1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-да семинар өткізу

«№1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-да семинар өткізу

2025 жылдың 17 сәуірінде Департамент басшысы орынбасары Е.Ұ. Сүгірова, № 2 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы А.Д. Сыздықова,  бөлімнің бас маманы О.А.Олейникова  «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ҚММ-нің «№1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-ны мамандарымен семинар өткізді.

 Медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдама беру, адамдарды медициналық-әлеуметтік сараптамаға негізсіз жолдау, «Медициналық-әлеуметтік сараптама туралы қорытынды» 031/е нысанын дұрыс толтыру мәселелері қаралды.

 №2 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімімен «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ҚММ «1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-нің дәрігерлік-консультациялық комиссиясымен жіберілген тұлғаларға «Мүгедектігін және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша қорытындылары жеткізілді.

Сондай-ақ емхана дәрігерлерінен келіп түскен барлық сұрақтарға жауаптар берілді.