
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ басшысының орынбасары Е. Ұ. Сүгірова жергілікті атқарушы органдардың үкіметтік емес ұйымдармен және мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылармен кездесуіне белсенді қатысты, онда ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың мәселелері қаралды.
Кездесу барысында мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмек көрсету, облыста арнайы және инклюзивті білім беруді ұйымдастыру, оңалту орталықтарын ашу, ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін әлеуметтік және көлік инфрақұрылымының қолжетімділігін қамтамасыз ету, еріктілер қозғалысын дамыту, медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері қаралды.
Департамент басшысының орынбасары медициналық-әлеуметтік сараптама, мүгедектігі бар адамдарды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламалары бойынша сұрақтарға толық түсініктемелер мен жауаптар берді.