Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен бекітілген «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларының» 2-тарауы 1-параграфының 4, 5 тармағына сәйкес медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының жолдамасы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен бекітілген «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларының» 2-тарауы 1-параграфының 4, 5 тармағына сәйкес медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының жолдамасы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен бекітілген «Медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі - МӘС) жүргізу қағидаларының» 2-тарауы 1-параграфының 4, 5 тармағына сәйкес медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының жолдамасы:

1) организм функциялары тұрақты бұзылған кезде алғаш куәландыру;

2) қайтадан куәландыру (қайта куәландыру) мақсатында МӘС жүргізу үшін негіздеме болып табылады.

          Медициналық ұйымдар тіршілік-тынысының шектелуіне алып келетін ауруға, жарақат зардаптарына немесе кемістікке байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуын растайтын диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шараларын жүргізгеннен кейін, анатомиялық кемістіктері бар адамдарды, 21-хромосома бойынша трисомиямен (Даун синдромы), организм функцияларының едәуір немесе өте айқын білінетін бұзылушылықтары бар және оңалту әлеуеті жоқ жазылмайтын паллиативті көмек алатын ауруларды қоспағанда, еңбекке уақытша жарамсыздық басталған немесе балаларға және жұмыс істемейтін адамдарға диагноз белгіленген сәттен бастап кемінде төрт айдан кейін МӘС-ке жібереді.

Мүгедектігі бар адамдардың мүгедектікке әкелген аурулары бойынша денсаулығы нашарлаған кезде уақытша жұмысқа жарамсыздық күнінен немесе балалар мен жұмыс істемейтін адамдарға диагноз белгіленген күннен бастап екі айдан кейін, МӘС-ға жіберіледі. 

«Екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленген аурулар түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1033 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12733 болып тіркелген) бекітілген екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленген аурулар тізбесіне кірмейтін шамалы білінетін организм функцияларының бұзылуымен кәсіптік аурулар кезінде медициналық оңалтуды жүргізу үшін көрсетілімдер болмаған кезде куәландырылатын адам уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі есепке алынбастан КЕА дәрежесін белгілеу мақсатында МӘС-ке жіберіледі.