Тіршілік-тынысының мынадай санаттарының бірінің айқын білінетін шектелуіне не олардың ұштасуына әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттар немесе кемістіктер салдарынан болатын организм функцияларының тұрақты білінетін бұзылуы екінші топтағы мүгедектікті немесе екінші топтағы мүгедектігі бар баланың санатын белгілеу үшін негіз болып табылады:
1) екінші дәрежедегі өзіне-өзі қызмет көрсетуге;
2) екінші дәрежедегі жүріп-тұруға;
3) екінші дәрежедегі еңбек қызметіне (еңбек ету қабілеті);
4) екінші дәрежедегі оқуға;
5) екінші дәрежедегі айналасын бағдарлай білуге;
6) екінші дәрежедегі қарым-қатынас жасауға;
7) екінші дәрежелі өзінің мінез-құлқын бақылауға.