қолайлы – организмнің бұзылған функциялары мен тіршілік-тынысының шектелу санаттарын толық қалпына келтіру және (немесе) орнын толтыру, мүгедектігі бар адамды қоғамға етене араластыру мүмкіндігі;
біршама қолайлы – олардың шектелу дәрежесі төмендеген немесе тұрақтанған жағдайда, кірігу және толық әлеуметтік қолдаудан ішінара әлеуметтік қолдауға өту қабілеті кеңейген жағдайда организмнің бұзылған функциялары мен тіршілік-тынысының шектелу санаттарын ішінара қалпына келтіру мүмкіндігі;
күмәнді – болжамның анық болмауы;
қолайсыз – организмнің бұзылған функцияларын және тіршілік-тынысы санаттарын қалпына келтіру немесе орнын толтыру мүмкіндігінің болмауы.