Еңбек өтілін есептеу үшін құжаттарды ұсыну тәртібі

Еңбек өтілін есептеу үшін құжаттарды ұсыну тәртібі

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрі-Премьер - Министр орынбасарының 2023 жылғы 22 маусымдағы №232 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімнің мөлшерін есептеу (айқындау), тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және қайта қарау қағидаларына сәйкес  өтініш берушінің еңбек өтілін растайтын құжаттар еңбек кітапшасы; мұрағат мекемелерінің анықтамалары, мемлекеттік мұрағаттың немесе ведомстволық мұрағаттың уәкілетті қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған немесе жұмыс орнынан еңбек кітапшасы болмаған немесе жарамсыз болған, еңбек кітапшасында тиісті жазбалар болмаған, түзетулер, дәлсіздіктер, әртүрлі оқылымдар болған кезде мұрағат құжаттарының электрондық көшірмелері болып табылады.

        Шет тілінде жасалған құжаттарды ұсынған кезде нотариус "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, 80-бабына сәйкес құжаттың қазақ немесе орыс тіліне аудармасының дұрыстығын куәландырады.

         Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде берілген құжаттар, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастыруға жатады.

         Шет мемлекеттің құзыретті мекемелері не оған арнайы уәкілетті тұлға берген немесе куәландырған, оның құзыреті шегінде және оның белгіленген нысаны бойынша шет мемлекеттің елтаңбалық мөрімен бекітілген құжаттар, егер заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, құжаттарды заңдастыру қағидаларында көзделген тәртіппен арнайы куәландыру (заңдастыру не апостиль қою) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м. а. 2017 жылғы 06 желтоқсандағы              № 11-1-2 / 576 бұйрығымен бекітілген