Құжаттарды ұсыну тәртібі

Құжаттарды ұсыну тәртібі

       Жазбаша (қағаз және (немесе) электрондық нысандағы) өтінішхаттарды, қарсылықтарды, түсіндірмелерді және оларға байланысты құжаттарды ұсыну үшін судья тараптарға қажетті мерзімдерді белгілейді.

      Сот белгілеген мерзім өткеннен кейін сотқа келіп түскен көрсетілген құжаттар, егер тарап оларды сот белгілеген мерзімде ұсынудың мүмкін еместігін негіздесе және олар сот шешім шығарғанға дейін келіп түссе, қабылданады.

      Өтінішхаттарға, қарсылықтарға, түсіндірмелерге олар сілтеме жасайтын құжаттардың толық түпнұсқалары немесе олардың белгіленген тәртіппен расталған көшірмелері не олардан үзінді-көшірмелер қоса берілуге тиіс.

      Сот тараптардың келіп түскен құжаттармен танысуын қамтамасыз етеді.