Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъект осы Заңның талаптарын бұзған жағдайда, уәкілетті орган:
1) тексеру аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге бұзушылықтарды жою туралы орындалуға міндетті ұйғарымдар жібереді;
2) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектіні (оның лауазымды адамдарын) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту үшін қажетті шараларды қолданады.