МӘС-ға:
1) еңбекке уақытша жарамсыздығы басталған күннен бастап төрт айдан кейін немесе қайталап ауруы (сол аурумен) кезінде соңғы он екі айдың ішінде еңбекке уақытша жарамсыздықтың бес айынан кешіктірмей;
2) жарақаттану кезінде еңбекке уақытша жарамсыздығы басталған күннен бастап төрт айдан кейін, ауру ағымының болашақ болжамы болған кезде ДКК шешімі бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы екі айға ұзартылады;
3) туберкулезбен аурудың салдарынан еңбекке уақытша жарамсыздық басталған күннен бастап сегіз айдан кейін ұзақ ауыратын, жұмыс істейтін еңбекке уақытша жарамсыздық парақтары бар адамдар жіберіледі.
Мүгедек деп танылған адамға мүгедектік тобы белгіленген күнмен еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе анықтамасы жабылады.
Жұмыс істейтін мүгедектер мүгедектікке әкелген аурулары бойынша денсаулығы нашарлаған кезде уақытша жұмысқа жарамсыздық күнінен бастап екі айдан кейін МӘС-ға жіберіледі. Егер жұмыс істейтін мүгедектердің денсаулығы мүгедектікке әкелген аурулармен байланысты болмаса, онда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы осы Қағидаларға сәйкес беріледі.